Биыл Қазақстаннан қажылыққа 5 мың адам барады

None
None
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Сауд Арабиясы Корольдігінің қажылық істері жөніндегі министрі Бандар бин Мұхаммед

Хажардың шақыруымен Мекке, Жидда және Мадина қалаларында болып, министрліктің түрлі деңгейдегі басшыларымен кездесіп, келіссөздер жүргізді, деп жарияланған ҚМДБ сайтында.

Өткен жылы Қазақстанның 4097 азаматы қажылық парызын өтеген. Корольдік Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылықты ұйымдастыру ісіне оң баға бере келе, алдағы 2012 жылы да осы істе биік деңгейде бола беруіне тілектестік білдірді.

Келіссөз барысында еліміздің діни басқармасы үстіміздегі жылы Корольдіктің Қазақстаннан қажылыққа 5 мың кісіні қабылдайтыны жайлы келісімшартқа қол жеткізді.

Биылғы жылғы құрбан айт 25 қазанда өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар