Биыл Қазақстанда жол-көлік оқиғаларында 800 автобус апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 24 казанындағы жағдай бойынша елімізде15 698 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 15 пайызға (18 528) төмендеген.

«Аталған оқиғаларда 21 987 (26 216) адам зардап шекті, оның ішінде 3 939-ы (4 556) кәмелетке толмағандар. ЖКО зардабынан 1 999 (2 367) адам қаза тапты және 19 988 (23 849) адам жараланды»,-делінген ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінде. Жол-көлік оқиғаларында 22 654 (26 838) көлік құралдары болған, оның ішінде 19 671-і (23 365) жеңіл автокөліктер, 809-ы (1 069) автобустар, 731-і (773) жүк көліктері.

Соңғы жаңалықтар