Биыл Қазақстанда жаңаратылатын энергия көздерінің 10 нысаны іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін жаңаратылатын энергия көздерінің 10 нысаны пайдалануға беріледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, 2019 жылдың басынан бері қуаты 147,6 МВт-ны құраған жаңартылатын энергия көздерінің 7 нысаны іске қосылды.

«Осы арқылы, бүгінде елімізде жалпы қуаты 678,6 МВт-ны қамтыған жаңартылатын энергия көздерінің 74 нысаны жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін 236 МВт қуатымен тағы да 10 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сәйкесінше, бұл нысандар санын 2020 жылы 95-ке (1483 МВт) және 2021 жылы 119-ға (2096 МВТ) жеткізу жоспарланып отыр», - деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, 2018 жылдың қорытындысы аясында жаңартылатын энергия көздері бойынша елімізде 67 нысан болды, олардың жалпы қуаты 531 МВт-ны құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр 2025 жылға дейін елімізде электр энергиясы профициті болатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар