+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанда сұранысқа ие көліктердің тізімі анықталды

2016 жылғы 17 қазан 19:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанда сұранысқа ие көліктердің тізімі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 9 айында қазақстандықтар 569 млн. доллар сомасында 30,8 мың жаңа жеңіл автокөліктерді сатып алды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының баспасөз қызметінің мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ресми дилерлер 30 759 жеңіл және жеңіл коммерциялық көліктерді сатты, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 59 пайызға төмен (74 911 көлік).

Компания мәліметінде, 9 айда сатылған 23 568 көлік импортқа (76 пайыз) тиесілі. Сонымен бірге 7 154 сатып алушы (24 пайыз) өз таңдауларын қазақстандық зауыттардың өніміне берген.

Белгілі болғандай, қазақстандықтардың арасында сұранысқа ие көліктердің көшін Lada бастап тұр, яғни биылғы 9 айда ел аумағында 6 086 ресейлік көліктің маркасы саудаланды. Toyota дилерлері 5 728 автомобильді өткізген көрінеді. Сондай-ақ алғашқы үштікке Renault еніп тұр, бұл маркадан 2 925 машина сатылған екен.

Мұнымен қоса, ондыққа Hyundai (2 659 көлік), KIA (2 325 ), Volkswagen (1583 ), GAZ (1 467), UAZ (1 196 ед), Nissan (1 103 ) және Chevrolet (644) еніп отыр.

Модельдер арасында бірінші орында Lada Priora тұр. Ресейлік седанды 2 237мың сатып алушы қалаған. Сұранысқа ие модельдер ішінде Toyota Camry (2 232 көлік), Lada 4x4 (1 534 ), Renault Duster (1394 ) және Hyundai Accent (1261) бар.


Бұдан бөлек, сатып алу қабілеттігі жағынан Алматы қаласының тұрғындары ең белсенді болған, яғни олар 9281 көлік сатып алған. Одан кейінгі орында Астана (5333), Атырау (2234), Өскемен (1656) мен Қарағанды(1623) қалалары тұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT