Биыл Қазақстанда студенттерге арналған 6 жатақхана салынды

2022 жылғы 25 қыркүйек, 14:33
Биыл Қазақстанда студенттерге арналған 6 жатақхана салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерді жатақхана орындарымен қамтамасыз ету жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республиканың 104 жоғары оқу орнындағы жатақхана саны 309-ға жетіп отыр. Бұл жатақханалардағы орын саны – 101 522. Оның ішінде 15 324 орны бар 100 жатақхана жалға алынған. 6 қыркүйектегі жағдай бойынша 87 мыңнан астам адам университет жатақханаларына орналасты», - делінген министрліктің ҚазАқпарат агенттігіне берген мәліметінде.

Ведомство ақпаратына қарағанда, студент жастардың жағдайын жақсарту мақсатында 2018 жылдан бастап жаңа жатақханалар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл бастама жүзеге асыру басталғаннан бері жоғары оқу орындарында 20 761 орынға есептелген 93 нысан пайдалануға берілді. Соның арасында 2022 жылы 1 470 орынға арналған 6 нысан тапсырылды.

Фото: gadgetshelp.com


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar