Биыл Қазақстанда шетелдіктерге қанша грант бөлінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық келісімдер бойынша Қазақстанда шетел азаматтарын оқытуға жүзден астам грант бөлінді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі қаулысына сәйкес, биылғы оқу жылына Халықаралық келісімдер бойынша шетел азаматтарын оқытуға 140 грант бөлінді», - делінген министрліктің мәліметінде.

Бұдан бөлек, елімізде 2018-2019 оқу жылына бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемі 69 089 орынды құрайды. Оның ішінде 53 594-і жоғары білім алу үшін, 13 220 - магистратураға, 2 275 - PhD докторантураға.

«Мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруда техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша мамандар даярлауға баса назар аударылды. Аталған мамандықтар тұрғысында барлығы 25 237 грант бөлінді. Бұл ретте техникалық мамандықтар бойынша ақпараттық технологиялар, робототехника, нано-технология саласында инженер мамандарды даярлауға, сондай-ақ  педагогикалық мамандықтар, оның ішінде күшейтілген тілдік құзыреттілігі бойынша педагог мамандар даярлауға басымдық берілді», - деп нақтылады ведомство баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар