Биыл Қазақстанда отбасылық жанжал салдарынан 68 адам көз жұмды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кейінгі 5 жыл ішінде тұрмыс саласындағы өтініштер саны 3 есеге артты. Мұны «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасы аясында Астанадағы мәселелер картасын таныстырған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін БАҚ, әлеуметтік желілер тұрмыстық қылмыстар туралы басылымдарға толы. Бұл мәселе біртіндеп «көлеңкеден» шығады. 5 жыл ішінде тұрмыс саласындағы өтініштер саны 3 есеге артты. Алайда, олардың 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шара қолдана алмады. Онсыз біз «үй тирандарын» жауапқа тарта алмаймыз. Жыл басынан бері отбасылық тұрмыста 68 адам өлтірілді», - деп тоқталды ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап тұрмыстық жанжал құрбаны арыз түсірмесе де, полицияның іс қозғауына мүмкіндік беретін заң нормасы күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар