Биыл Қазақстанда қылмыстылық 4,1 пайызға төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -2014 жылғы 23 қарашасындағы жағдай бойынша елімізде 307 056 (320 219) қылмыс тіркеліп, оның 4,1 пайызға төмендегені анықталды.

«Қылмыстың құрылымына қарай алатын болсақ, ауыр емес қылмыстардың үлесі - 36 9211 немесе 12 пайыз, ауырлығы орташа қылмыстар - 240 366 немесе 78,9 пайыз, ауыр қылмыстар - 25 789 немесе 8, пайыз, аса ауыр қылмыстар 1 983 немесе 0,6 пайыз болып отыр»,- деп хабарланды ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен.

Жалпы барлық қылмыс санаттары бойынша қылмыстың төмендеуі байқалады, тек қана алаяқтық қылмыстың өсу үрдісі тұрақты түрде сақталып 3,5 пайыз болып отыр. Мәселен, аса ауыр қылмыстар - 19,3 пайызға (2 458-ден 1 983-ке), ауыр қылмыстар - 17,5 пайызға ( 31 255-тен 25 789-ға), ауырлығы орташа қылмыстар - 2 пайызға (247 378-ден 242 366-ға), ауыр емес қылмыстар - 5,6 пайызға (39 128-ден 36 921-ге) төмендеді.

Мұнымен қоса тонау - 24,5 пайызға (16 970-тен 12 804-ке) және қарақшылық - 32,6 пайызға (1 273-тен 858-ге) азайған.

Соңғы жаңалықтар