Биыл Қазақстанда құс өсіру саласында оң көрсеткіштер байқалып отыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанда құс өсіру саласында оң көрсеткіштер байқалып отыр. Бұл туралы ІХ халықаралық құс өсірушілер форумында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда құс шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі кезде елімізде 56 құс фабрикасы бар. Былтырмен салыстырғанда, биыл құс өсіру саласының барлық көрсеткіші бойынша оң қарқынды байқап отырмыз», - деді А. Сапаров.

Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында тауық жұмыртқасымен қаматамасыз ету көрсеткіші 101 пайыз болған.

«Құс еті бойынша қамтамасыз ету деңгейі 50-ден 65 пайызға дейін артты», - деді вице-министр.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан құс өсірушілері одағының президенті Руслан Шәріповқұс жемінің қымбаттауына байланысты құс өсірушілер қиындыққа тап болғанын айтты.

«Құс жемінің бір тоннасы 180-190 мың теңгеге жетті. Құс еті мен жұмыртқаның өзіндік құнында 70 пайызы жемнің бағасына қатысты болады. Егер құс жемі арзан болса, онда біздің өнім де нарыққа төмен бағамен шығады», - деді Р. Шәріпов

Қазақстанның құс өсірушілері осы салаға мемлекеттік қолдау жасауды сұрап отыр.



Соңғы жаңалықтар