+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Биыл Қазақстанда қандай көліктер өтімді болды

2019 жылғы 22 қазан 16:56
Бөлісіңіз:
Биыл Қазақстанда қандай көліктер өтімді болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 9 айында Қазақстанда 33 500 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіпке» сілтеме жасап хабарлайды.

Есепті кезеңде Қазақстанда құрастырылған көліктердің жалпы құны 229 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 41,2 пайызға өсіп, 29 846-ға жетті.

Жыл басынан бері отандық автозауыттар 29 693 көлікті өткізіп, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 43,6 пайызға жоғары болды.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жергілікті өндірістегі автомобильдерді сатып алуға тұрғындар 208,6 млрд теңге жұмсап, осы сома бір жыл бұрынғы деңгейден 73,7 пайызға жоғары болды.

Аталған мерзімде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (10 913 көлік), Hyundai (9 954), KIA (2 339), Ravon (1 561) және Skoda (790) енді.

Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (658 көлік), Chevrolet (617), UAZ (294), сондай-ақ Peugeot (29) бар екенін атап өткен жөн.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Өнеркәсіп, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT