+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Биыл Қазақстанда азық-түлік бағасы 4,8% өсті

2021 жылғы 12 мамыр 11:38
Бөлісіңіз:
Биыл Қазақстанда азық-түлік бағасы 4,8% өсті

НҰР-СҰЛТАН. Қаз-Ақпарат – Азық-түлік бағасының ең жоғары өсімі Атырау облысында (6,8%), Нұр-Сұлтан (6,3%) және Шымкент қалаларында (5,6%) тіркелді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Осы жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің бағасы 4,8% өсті. Аталған өсім өткен жылы қаңтар-сәуір айларында тіркелген 5,5% көрсеткіштен төмен. Дегенмен биыл сәуір айында бағалар 1,7% қымбаттады. Ең жоғары баға өсімі Атырау облысында (6,8%), Нұр-Сұлтан (6,3%) және Шымкент қалаларында (5,6%) тіркелді. Бағаның ең төмен өсімі Алматы (4,0%), Қарағанды (4,3%) және Қызылорда облысында (4,4%) байқалған», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, бағаның өсуіне импортқа тәуелді өнімдер, оның ішінде қант, қарақұм жармасы, күнбағыс майы сияқты жоғары экспорттық сұранысқа ие тауарлар себеп болып отыр.

Сондай-ақ, маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде бағаның өсімі байқалады.

«Баға өсімі әлемдегі барлық елде тіркелді. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректеріне сәйкес, биыл төрт айдың ішінде баға өсімі 11,4%-ды құраған. Ресеймен салыстырғанда біздің елдегі азық-түлік бағасының өсімі 2-3 есе төмен», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT