Биыл Қазақстанда 90 млн тоннадан астам мұнай өндіріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы Қазақстанда 90,4 млн тонна мұнай өндіріледі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала қорытынды бойынша, биыл шамамен 90,4 млн тонна мұнай өндіріледі. Осылайша 2018 жылғы рекордты (90,36 млн тонна) қайталаймыз. Мұнай саласы үшін мұндай өндіру деңгейін сақтау – жақсы жетістік. Бұл ретте биыл үш ірі жобада: Теңіз бен Қарашығанақта күрделі жөндеу, ал Қашағанда алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары болғанын ескерген жөн. Бірақ, жөндеу кезінде негізгі өндіріс тоқтағанына қарамастан, өндіру деңгейін қалпына келтіріп, ұлғайта алдық», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2017 жылдан бастап жыл сайын оң динамика байқалып келеді. 2016 жылдың соңында Қашағанды іске қосқан соң, мұнай өндіру ісі жаңа деңгейге шықты. Бір жылдық өндіру 2017 жылы 8 млн тоннаға өсіп, 86,2 млн тоннаны құрады. Ал 2018 жылы өндіру деңгейі 4 млн тоннаға өсіп, 90,36 млн тонна болды.

Соңғы жаңалықтар