Биыл Қазақстанда 20,5 мың шақырым электр желісі жөнделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы республика бойынша жалпы ұзындығы 20 458 шақырым болатын электр желісі, 441 қосалқы станса, 4315 тарату пункті мен трансформаторлық станция күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық шаралары туралы баяндаған Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев осындай мәлімет берді.

«Жүйелік оператор бекіткен электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу кестесіне сәйкес ағымдағы жылы 8 энергоблокты, 48 қазандықты және 49 турбинаны жөндеу жоспарланған. Түрлі кезеңдерде 4 энергоблокта, 13 турбинада және 15 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 4 қазанда аяқталады», -деді министр.

Нұрлан Ноғаевтың сөзіне қарағанда, биыл жалпы ұзындығы 20 458 км электр беру желілерін, 441 – қосалқы станцияларды, 4315 – тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды күрделі жөндеу жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар