Биыл Қазақстанда 120 млн тонна көмір өндірілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұсынылған ақпаратқа сүйенсек, елімізде ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында барлығы 18,3 млн тонна көмір өндірді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 10,4 млн тонна көмір жөнелтілсе, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 936,8 мың тоннасы жеткізілді. Ал, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 1,4 млн тонна бөлінген. Тағы 4,6 млн тоннасы экспортталған.

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халықтың тұтынуына арналған көмірдің көмір өндіруші кәсіпорынның жөнелту бағасынан (тоннасы 3-6 мың теңге аралығында), тасымалдауға кеткен теміржол тарифтерінен, жылжымалы құрамды күтіп-ұстау, көмірдің биржалық құнынан, сондай-ақ халыққа жеткізетін делдалдық ұйымдардың және жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады.
«Елімізде көмір өнеркәсібін дамыту мақсатында өткен жылы «Қазақстан Республикасының көмір саласын дамыту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы« бекітілді. Сондай-ақ «2019-2020 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмір өнімдеріне қажеттілік жоспары« жасалды. 2020 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша жылдық жоспарға (2019 жылғы 1 мамырдан бастап 2020 жылғы сәуірге дейін) сәйкес көмір қорымен қамтамасыз ету 99,7% құрайды», - делінген министрлік ақпаратында.
Коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмірдің жылдық жеткізу кестесін Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Алматы облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері толығымен жасап шыққан.

Сондай-ақ халық үшін көмірдің жылдық жеткізу кестесі, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақтан, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктерінде дайын тұр.

«Айта кету керек , Қазақстанда 2020 жылы 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған. Осылайша елдің ішкі нарығына 82 млн тонна, экспортқа 38 млн тонна көмір жеткізілетін болады», - деді ведомстводан .


Соңғы жаңалықтар