Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №176 Жарлығында: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия (мұнан ары – Мемлекеттік комиссия) құрылсын» , - делінген.
Жарлыққа қосымша Мемлекеттік комиссия және Мемлекеттік комиссия құрамы туралы ереже берілген.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік комиссия 2019 жылдың 25 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасын әзірлеуі және 2020 жылдың 29 ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуі тиіс. Жарлықтың орындалуына бақылау жасау Президент Әкімшілігіне жүктеледі.
- Сенат облыстарды дамыту стратегиялары бойынша парламенттік тыңдаулар өткізбек
- Сенат төрағасы: Республика деңгейінде шешім қабылдағанда мәслихаттардың пікіріне назар аудару қажет
- Павлодар облысында құрылысы 10 жылға созылған су құбыры пайдалануға берілді
- Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім грантын бөлетін болады
-
Мемлекеттік қызмет туралы заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
Заң шығару процесі үнемі жетілдіруді талап етеді - Бектас Бекназаров
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам