Биыл Қазақстан ауылдарының 92% ауыз сумен қамтамасыз етіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2025 жылға қарай мемлекет халықты сумен жабдықтау қызметтерімен 100% қамтамасыз етуі тиіс. Бұл 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарының бірі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму минитрлігі таратқан мәліметтерг е қарағанда, 3 өңірде, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында қала халқының 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Ауылдық жерлерде сумен жабдықтаудың ең көп қамтылуы Алматы (98,3%), Атырау (98,5%) және Қызылорда (97,6%) облыстарында байқалады.

Еліміздің кейбір өңірлері бұл бағыт бойынша артта қалған. Ауыз сумен қамтудың ең төмен деңгейі Қостанай (64,7%), Жамбыл (82,2%) және Павлодар (88,4%) облыстарының ауылдарында байқалады.

Ағымдағы жылы сумен жабдықтаудың сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету үшін 151,4 млрд. теңге көзделген.

2021 жылдың қорытындысы бойынша 200 мыңға жуық Қазақстан тұрғынын сапалы сумен қамтамасыз ету қосымша жоспарлануда, бұл жалпы 17,86 млн. адамды немесе республиканың барлық халқының 95% - ын құрайды, оның ішінде: қалаларда – 98%, ауылдарда-92%.


Соңғы жаңалықтар