+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Биыл Қазақстан 6,5 млн тоннаға дейін астық экспорттайды

2021 жылғы 28 қыркүйек 18:08
Бөлісіңіз:
Биыл Қазақстан 6,5 млн тоннаға дейін астық экспорттайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл еліміздің қанша көлемде астықты экспортқа жіберетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Биыл жоспарға сай 6-6,5 млн тонна астықты экспорттауға жағдайымыз бар. Бұған дейін айтқанымдай, бүгінде еліміз бойынша 16 млн тонна астық бастырылса, оның 7 млн-ы ішкі нарықты қамтамасыз етеді. Астық экспорты бұрынғысынша, Орталық Азия, Ауғанстан, Иран еліне жасалады. Сонымен қатар қатты дәнді дақылдарды кейбір Еуропа елдеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, вице-министр биыл қуаңшылық жайлаған Маңғыстау фермерлерін жемшөппен қамтуға қатысты пікір білдірді.

«Жоспар бойынша Маңғыстау облысына 77 мың тонна жемшөп жинау керек, бүгінде оның 65 пайызы дайындалды. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен 1,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта басқа облыстармен шарт жасасып, жемшөп жеткізіліп жатыр. Жемшөппен қамтуды 100 пайыз қамтамасыз етеміз деп ойлаймын», - дейді ол.

Бұған дейін Айдарбек Сапаров егістік алқапты киіктер таптап тастауынан шығынға батқан отандық фермерлердің жанайқайына жауап берген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT