Биыл «Kazakh Invest» қолдауымен 4 инвестициялық жоба пайдалануға берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қолдауымен шетелдік капиталының қатысуымен жалпы құны 217 млн АҚШ доллар болатын 4 жоба іске асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл жалпы сомасы 1,7 млрд АҚШ доллары тұратын 12 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, 7,1 млрд АҚШ долларын болатын 34 жоба белсенді кезеңге өтті.

Жыл соңына дейін келесі міндеттер қойылды: жалпы сомасы 2 млрд АҚШ доллар болатын 30 жобаны пайдалануға беруге көмек көрсету және құны 4 млрд АҚШ долларын болатын 35 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға ықпал ету жоспарланып отыр», делінген хабарламада.

Пайдалануға беру жоспарланған жобалардың жалпы санының шамамен 40%-ы жаңартылатын энергия көздері және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сияқты экономиканың жаңа секторларына келеді. 2019 жылы жалпы 400 МВт күн электр стансалары, 90 МВт жел электр стансалары және 25 МВт гидроэлектр стансалары іске қосылады деп жоспарлануда. Іске қосу жоспарланған электр стансаларының жалпы құны 680 млн АҚШ долларын құрайды.

Осы жылдың мамыр айында «Kazakh Invest» өз алаңында 1 мыңнан астам қатысушыларды, оның ішінде ірі әлемдік компаниялар мен отандық бизнес басшыларын, халықаралық сарапшыларды, халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың өкілдерін жинаған «Kazakhstan Global Investment Roundtable» жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы үшінші «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Олардың ішінде 600 ден астам 41 елден келген қонақтар, сондай-ақ «Cisco», «Nokia»», «CITIC Bank Corporation», «WILO SE Group», «AGCO Corporation», «Valmont Industries», «Tyson Foods», «Yildirim Group» және тағы басқа ірі компаниялардың топ-менеджерлері бар. Іс-шара барысында қатысушылар жалпы құны 8,9 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 құжатқа қол қойды.


Соңғы жаңалықтар