Биыл қай облыстарға цифрлық теледидар таратылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев цифрлық телеxабарларға қосылатын облыстарды атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, былтыр елімізде аналогтық теле-радио xабарларды таратуды кезең-кезеңімен тоқтату жұмыстары басталған болатын. Бүгінде төрт аймақ - Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы толығымен цифрлық теледидарға көшті.

«Осылайша, ауылдағы ағайын 15 отандық телеарнаны, ал облыс орталығының тұрғындары 30 арнаны жоғары сапада тамашалап отыр. Биыл біз Алматы, Павлодар мен Қостанай облыстарында цифрлық xабар таратуға ауыстыруды көздеп отырмыз. Осы бағыттағы жұмыстар 2022 жылы толық аяқталады деген жоспарымыз бар», - деді Д.Абаев министрліктің алқа мәжілісінде.
null

Оның айтуынша, мемлекеттік радио xабарларларын таратудың ауқымын ұлғайту шаралары да жалғаса береді.

Өткен жылы Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының 300 мыңнан астам тұрғыны бар 12 шекара аймағына Қазақ радиосы мен Шалқардың хабарлары тарала бастады.

«Қазтелерадио»-ға осы жұмысты ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Бұл - біздің ұлттық ақпараттық қауіпсіздігімізге тікелей ықпалы бар шаруа. Еліміздің ең шалғай жерлерін мекендеп отырған азаматтар радио қабылдағыштары арқылы Қытай немесе Ресей емес, Қазақстанның Әнұранын тыңдауы тиіс. Өсіп келе жатқан ұрпақ қазақ ертегілеріне құлақ түріп, жасөспірімдеріміз қазақ әндерімен сусындауы қажет деп ойлаймын», - деп атап көрсетті Д.Абаев.

Соңғы жаңалықтар