+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Биыл Каспий құбыры консорциумы Қашағанның қанша мұнайы өткізілетінін нақтылады

2018 жылғы 4 сәуір 12:37
Бөлісіңіз:
Биыл Каспий құбыры консорциумы Қашағанның қанша мұнайы өткізілетінін нақтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Каспий құбыры консорциумы 67 млн тонна мұнайды өткізу жоспарлап отыр. Бұл туралы Астанадағы баспасөз мәслихатында Каспий құбыры консорциумы бас директоры Николай Горбань мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылы консорциум өзінің құбыр жүйесі арқылы 67 млн тонна мұнай өткізуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 60 млн тоннаға жуығы Қазақстанда өндірілсе, қалған 7 млн тоннаны ресейлік өндірушілерден алуды көздеп отырмыз. Қашағаннан қабылданатын мұнай көлемін екі есеге арттыру қарастырылған, яғни бұл көрсеткіш 13 млн тоннаға дейін жетпек. Өткен жылы біз 7,4 млн тонна қабылдаған едік», - деп тоқталды ол.

Осы орайда Н. Горбань Қазақстан бойынша аталған 60 млн тонна мұнай қалай жиналатынын түсіндірді. Қашаған - 13 млн тонна, Қарашығанақ - 12 млн шамасында, Теңіз - 28 млн тоннаға жуық, сондай-ақ 7 млн тонна басқа да кен орындарынан жинақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT