+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Биыл кәсіптік-техникалық колледждерге емтихансыз түсуге болады

2021 жылғы 15 маусым 12:19
Бөлісіңіз:
Биыл кәсіптік-техникалық колледждерге емтихансыз түсуге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл кәсіптік және техникалық колледждерге түсу емтихандары алынып тасталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова әкімдіктің баспасөз орталығында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл СҚО-ның 18 мектебіне оқушылар автобусы сатып алынды Елордада демалыс күндері дәмханалар мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді Білім грантына қатысу үшін 100 мыңға жуық өтініш түсті

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау 25 маусымнан басталады. Құжаттар екі жолмен – «Электронды үкімет» веб-порталы немесе тікелей колледжге жүгіну арқылы іске асырылады. Талапкерлер 4 оқу орнына дейін, 4 мамандық пен біліктілікке дейін таңдау арқылы орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандықтарына өтініш бере алады. Бұл талапкерлерге мемлекеттік тапсырыс бойынша орын алуға мүмкіндік береді. Биыл түсу емтихандары алынып тасталады. Ал конкурс орташа балл бойынша ақпараттық жүйе арқылы автоматтандырылған режимде өткізіледі», - деді басқарма өкілі.

Дегенмен маманның айтуынша, педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша кәсіптік-техникалық білім алушылар емтиханнан мүлдем босатылмайды.

«Педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша сондай-ақ, арнайы және шығармашылық емтихандарды психометриялық тестілеуде тапсыратын өнер және мәдениет мамандықтары бойынша түсушілерге талаптар өзгеше болады. Жұмысшы біліктіліктері, аспаз, бала күтуші, тігінші, дәнекерлеуші, сантехник мамандықтары бойынша және «Еңбек» бағдарламасы аясында өтініш беретін талапкерлер конкурстан тыс колледждерге сұхбаттасу арқылы өтеді», - деді Римма Иманғазинова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT