+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Биыл қарағандылық полицейлерді баспанамен қамту бағдарламасы басталады

2020 жылғы 14 қаңтар 22:25
Бөлісіңіз:
Биыл қарағандылық полицейлерді баспанамен қамту бағдарламасы басталады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Полиция департаментінде 2019 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылып, алдағы жылға міндеттер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысы Жеңіс Қасымбек полицейлер жұмысының маңыздылығын атап өтті. Басты міндет – тұрғындарды әділ және тиімді қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту. Жергілікті билік өз кезегінде, полицейлерге материалдық-техникалық базамен және қызметкерлер үшін тұрғын үймен көмектеспек.


«Жақын арада 200 қызметтік автокөлік, оның ішінде жеңіл автокөліктер, автобустар және басқа да арнайы техника сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» бірге ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыруды бастаймыз. Жыл соңына дейін алғашқы кілттерді тапсыру жоспарланып отыр», - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол жалпы облыс бойынша тұрғын үй құрылысының көлемі бір жарым есеге артатынын атап өтті. Қарағандыда бұл көрсеткіш екі есе ұлғаяды. 430 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Оның бір бөлігі Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне арналған.

Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин жұмыс нәтижелерін қорытындылай келе, өңірде қылмыс деңгейі 2019 жылы 25% төмендегенін хабарлады. Жалпы бұл үрдіс соңғы бес жылда байқалып отыр. Полиция мәліметтеріне сәйкес, алдын алудың арқасында қылмыс азаюда. Бұл жерде қалалар мен ауылдарда бейнебақылау жүйесі үлкен көмек көрсетеді. Өңірде барлығы 4830 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 1138-і жедел басқару орталығына сигнал береді.


«Камералар көше қиылыстарында, азаматтар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық орындарда орнатылған. Өткен жылы бейнебақылау камераларының көмегімен 479 қылмыс ашылды. Бұл 2018 жылға қарағанда айтарлықтай көп. 24 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жол қауіпсіздігі бойынша – 16 мың», - деп атап өтті Ерлан Файзуллин.

Ол сондай-ақ, қылмыстарды полицейлерге ашуға өңір тұрғындары да көмектесетінін айтып өтті. Қазір облыста 147 қоғамдық құрылым және 89 волонтерлік қозғалыс тіркелген. Үш мыңға жуық ерікті полицейлермен бірлескен рейдтерге қатысуда. Олар хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды іздестіруге көмектеседі, қолайсыз отбасылармен жұмыс істеуге қатысады, қоғамдық тәртіпті сақтауға қолғабыс етеді.

Ерлан Файзуллиннің айтуынша, алдағы уақытта полиция қылмыс деңгейін төмендетуге дәйекті түрде қол жеткізетін болады. Ал өзінің күнделікті жұмысында ең қатаң стандарттар мен талаптарға бағдарлануы тиіс. Басты міндет – азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тез және сапалы көрсету. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сервистік көзқарас тұжырымдамасы енгізілуде. «Азаматтарға арналған қабылдау» жобасы іске асырылды, жоспарланған 10 фронт-кеңсенің 5-еуі ашылды.

«Облыс тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлеріне үндеу жолдағанда түсіністік, адами қарым-қатынас болатынына, ал олардың құқықтары мен бостандықтары сенімді қорғалатынына сенімді болуы тиіс», - деді ол.

Аймақ прокуроры Марат Сексембаев өз баяндамасында биылғы жылы кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың, сондай-ақ мал ұрлығының алдын алуға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

«Осыған байланысты прокуратура полициямен бірлесіп белсенді жұмыс істейтін болады», - деді Марат Сексембаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT