Биыл Қарағанды облысында 80 мыңға жуық адам ауыз сумен қамтамасыз етіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Қарағанды облысында 80 мыңға жуық адам ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осы өңірдің әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті.

«Ақбұлақ» бағдарламасы тұрғысында биыл сумен қамтамасыз етудің 21 жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша 15 нысанды пайдалануға беру және 210 шақырымнан астам инфрақұрылым желісін жөндеп, қайта салу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде облыстың 80 мыңға жуық тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді әкім.

Оның айтуынша, қалған алты жоба алдағы жылы тапсырылады.

Белгілі болғандай, өңірде 2015 жылға қарай қала халқының 85 пайызы және ауылдық жерлердің 53 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылады. Ал 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш сәйкесінше 100 пайызға және 80 пайызға жетеді.

Соңғы жаңалықтар