+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Биыл Қарағанды облысында 600 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі

2020 жылғы 19 ақпан 15:21
Бөлісіңіз:
Биыл Қарағанды облысында 600 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биыл Қарағанды облысында 600 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі. Халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын жұмыс стратегиясын анықтады. Басты басымдық – қолжетімді, сапалы үйлер мен жолдар салу, тұрғындарды тұрақты жұмыспен және еңбекақымен қамтамасыз ету, өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу.

«Облыста жолдар мен үйлердің құрылысы бойынша арнайы жол картасы әзірленді. Сондықтан да осы салалардағы жұмыс қарқынын еселеп арттыру жоспарда бар», деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек халыққа есеп беру кездесуінде.

Өңірде геі көпбалалы отбасыларды жергілікті билік алдағы екі жылда баспанамен толық қамтуды мақсат етіп отыр.

«Мемлекет басшысы айтқандай, тұрғын үймен қамтамасыз ету – бұл әлеуметтік саясаттың басымдығы. Біздің тарапымыздан осы жылы тұрғын үй құрылысын облыс бойынша кемінде бір жарым есе және облыс орталығында екі есе ұлғайту үшін барлық мүмкіндік жасалуда. Бізде екі жыл ішінде 1 800 көпбалалы отбасын қамтамасыз етуге мүмкіндік бар деп есептеймін», - деді облыс әкімі.

«Елбасы 2030 жылға қарай бір адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуді 30 шаршы метрге дейін жеткізуді тапсырды», деп еске салды өңір басшысы. Облыста бұл көрсеткіш қазір 23 шаршы метрден асады.

Өткен жылы өңірде 421 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. 1 148 отбасы пәтер алды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 226 отбасы қоныс тойын тойлады.

«2020 жылы 5 600 отбасы қоныс тойын тойлауы үшін 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылуы тиіс. Бұл пәтерлердің жартысы әлеуметтік қорғалатын санаттарға арналған. Бұдан басқа, жетім балалар үшін кезектің жылжуын жеделдетеміз. «Бұл мәселе біз үшін де басымдыққа ие», - деді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, жаңа құрылыс сапасын бақылау күшейтілмек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT