Биыл Қарағанды облысында 560 көпбалалы отбасыға пәтер беріледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биыл Қарағанды облысында 560 көпбалалы отбасыға пәтер беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылы Қарағанды облысында жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша 11 көпқабатты үй салынып, екінші нарықтан 204 пәтер сатып алынады. Бұл мақсаттарға республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.

Облыс әкімдігінің аппараттық жиналысында айтылғандай, биыл облыста 756 жанұя баспаналы болады. Олардың 560-ы көпбалалы отбасы.

Мамыр айының басында 27 көпбалалы отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Жаңа баспанаға осы айдың соңына дейін тағы 106 көп жанды үй көшеді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 260 пәтер Саран, Теміртау, Приозерск, Бұқар жырау, Ақтоғай, Шет және Жаңаарқа аудандарында пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Ерлан Қошанов серіктес қалалар мен облыс орталығындағы құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды.

Облыстық бюджеттен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жылдық мөлшерлеремесі 2% құрайтын ипотекалық несие беру үшін миллиард теңге бөлінді. Бұл сомаға 159 несие берілмек.

Соңғы жаңалықтар