Биыл Қарағанды облысында 3 мыңға жуық үй орталық газ құбырына қосылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысының әкімшілігіндегі онлайн-отырыста өңірді газдандыру мәселелері талқыланды. Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов үйлерді көгілдір отынға қосу жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

- Осы жылы Қарағандыда 1 865 үйді газдандыруды жоспарлап отырмыз. Оларға газ өткізілген. Теміртауда 506 үйге газ өткіземіз. Жезқазғанда – 550, газ құбырын өткізу бойынша жұмыстар толығымен аяқталды, - дейді Ұлантай Үсенов.

Қазір облыста газ шығынын есептеу құралдары сатып алынуда. Қолда 70 есептегіш бар. Оларды монтаждау осы аптада Теміртау және Жезқазған қалаларында басталады.

Үйді газға қосу тек тұрғынның келісімімен болады. Келісім газ тарату желілерін пайдалануға енгізгеннен кейін басталады. Бұл осы жылдың қыркүйек айының басында болуы тиіс.

Әзірге газ қаланың тек жеке секторларында ғана өткізілуде.


Соңғы жаңалықтар