+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Биыл «Қарағанды – Балқаш» жолы ашылады

2020 жылғы 19 ақпан 15:46
Бөлісіңіз:
Биыл «Қарағанды – Балқаш» жолы ашылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы «Қарағанды-Балқаш» жолында 4 жолақ бойынша қозғалысты іске қосу жоспарлануда. Қарағанды облысындағы жол жұмыстарының жоспары туралы халық алдында есеп беру кездесуінде Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, «Балқаш-Бурылбайтал» жолын қайта жаңарту жалғастырылады. Ол да төрт жолақты болады.

Өткен жылы өңірде республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарда 1 300 шақырым жол төсемі ретке келтірілді. Биыл жол жөндеу жұмысының көлемі артты.

«Биыл 15 00 шақырым автожол жөнделеді. Өткен жылы «Теміртау-Қарағанды», «Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолдары» автобан жол толығымен қолданысқа берілді. Биыл шілде айына дейін бұл екі жол толығымен абаттандырылады. Жарық тартылып, қоршалады, белгілеу жасалып, белгілер орнатылады. Біз үшін ұзындығы 720 шақырым «Жезқазған-Қызылорда» автожолының құрылысы маңызды. Мамыр айында жобалық-сметалық құжаттама аяқталады. «Нұрлы жол» бағдарламасының жаңа бесжылдығы аясында биыл жол құрылысына кірісу жоспарланып отыр. Ол 2025 жылы аяқталуы тиіс», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Бұдан басқа, «Қарағанды-Жезқазған» жолын жобалау басталады. Сондай-ақ «Қарағанды-Павлодар» және «Қарағанды-Қарқаралы» республикалық жолдарын қайта жаңарту жоспарлануда.

Жол инфрақұрылымын жақсартудан басқа, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру халықты жұмыспен қамтуға септігін тигізеді, деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Барлық жобаларға үш мыңнан астам жергілікті тұрғын тартылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT