Биыл қаңтарда 52 мың адам Еңбек бағдарламасына қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы қаңтарда 52,4 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда 49,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 13,8 мыңы – тұрақты жұмысқа.

«Субсидияланатын жұмыс орындарына 35,7 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 3,7 мың, жастар практикасына – 1,4 мың; қоғамдық жұмыстарға – 30,6 мың адам», - делінген Еңбек министрлігінің мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді. Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.


Соңғы жаңалықтар