Биыл қант қызылшасының алқаптары ұлғайып, мақта алқабы қысқарады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде биылғы егіс маусымында қандай дақылдарға басымдық берілетінін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша 2023 жылғы егіс алаңдарының болжамды алаңы 23,2 миллион гектарды құрады.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 171,3 мың гектарға және қант қызылшасын 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Сондай-ақ, көкөніс және бақша дақылдарының 10,2 мың гектарға артуы болжануда», - деді министр.

Оның айтуынша, биыл күріш пен мақтадан бөлек, бірнеше майлы дақылдың алқабында қысқарту жоспарланып отыр.

«Ылғалды көп қажет ететін дақылдарға келетін болсақ, биыл мақта алаңын өткен жылмен салыстырғанда 13,8 мың гектарға азайту жоспарланып отыр. Осының нәтижесінде ол 112,5 мың гектар болады.

Үкіметтің суды көп қажет ететін дақылдар алаңын азайту жөніндегі тапсырмасына қарамастан, күріш алаңдарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,9 мың гектарға ұлғайған.

Осыған байланысты, Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері бұл мәселені бақылауда ұстауы қажет. Майлы дақылдар бойынша да алаңды 191 мың гектарға азайту жоспарлануда. Бұл мақсары зығыр және қыша сияқты дақылдар», - деді Ербол Қарашөкеев.


Фото: shutterstock.com


Соңғы жаңалықтар