Биыл қанша турист демалысын Алакөл жағалауында өткізбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Алакөлге 400 мыңға жуық турист баруы мүмкін. Мұндай болжамды ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген «KazakhTourism» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«KazakhTourism» дерегінше, Алакөл жағалауында ашылған жаңа демалыс орындары демалушылар санының көбеюіне ықпал етіп отыр.

«Ресми статистика бойынша, былтыр көлдің Алматы жақ жағалауына 230 мыңнан астам адам демалуға барған. 2022 жылы 400 мыңға жуық адам демалады деп күтіледі. Ал, өткен жылы көлдің Абай облысы жағында орналасқан демалыс орындарына 100 мыңға жуық адам барды. Бұл орайда, бір күнге барған демалушыларды да айта кеткен жөн. Жергілікті атқарушы органдардың мониторингіне сәйкес, бір күндік туристерді қоса алғанда былтыр мұнда шамамен 350 мың адам демалысын өткізген. Биылғы маусымда Алакөл жағалауы 420 мыңнан астам туристі қабылдауға қауқарлы», - деп мәлім етті ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.

Демалысын ерте жоспарлаған қазақстандықтар пойыз билеттерін 1-2 ай бұрын сатып алған. «Атамекен» ҰКП ақпаратына сәйкес, енді билет тапшылығы сезіліп отыр. Сонымен қатар, жөндеуге жабылған Үржар және Үшарал әуежайлары әлі ашылған жоқ.


Соңғы жаңалықтар