Биыл қанша қандас елімізде магистратура мен докторантураға түсті
2021 жылғы 30 желтоқсан 11:43

Биыл қанша қандас елімізде магистратура мен докторантураға түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл стипендия бағдарламасы бойынша 132 қандас еліміздің жоғары оқу орындарына қабылданды. Бұл жайында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-премьердің атап өтуінше, 2019 жылы Орталық Азия елдерінің шетелдік азаматтарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға арналған еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуға стипендиялық бағдарлама іске қосылды.

«Стипендиялық бағдарлама бойынша қандастар тек бакалавриатқа ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына да әңгімелесу нәтижелері бойынша түсетігін атап өткен жөн. 2021 жылы стипендиялық бағдарлама бойынша 132 қандас қабылданды. Оның ішінде бакалавриатқа – 100, магистратураға – 22, докторантураға – 10. Сондай-ақ, үш жыл ішінде академиялық ұтқырлық аясында Франция, Литва, Ресей Федерациясы, Қырғызстаннан 33 қандас қабылданды», - деді Ералы Тоғжанов жауабында.


Jańalyqtar

MURAǴAT