Биыл қандастар ҰБТ-ны елге келіп тапсырады
07:24, 06 Мамыр 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы биыл қандастар ұлттық бірыңғай тестілеуді қалай тапсыратынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҰБТ биыл 16 мамыр - 5 шілде аралығында өтеді.
ҰБТ тапсырға тіркелу үшін 14 мамырға дейін орталықтың сайтында өтініш толтыру керек.
Осы жылы қандастар ҰБТ-ны Қазақстанға келіп, офлайн форматта тапырады.
Тапсырудың I кезеңі – 2022 жылғы
25 мамыр / 27 мамыр / 30 мамыр.
2 маусым / 7 маусым / 10 маусым / 25 маусым.
Мектеп бітіруші түлек осы күндердің бірін таңдаған соң Қазақстанға келіп ҰБТ тапсырады.