Биыл Индустрияландыру картасы шеңберінде Ерейментау ауданында екінші жел электр станциясы іске қосылады - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Ақмола облысының Ерейментау ауданында екінші жел электр станциясы іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Сергей Кулагиннің өңірге сапары барысында айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы аталған ауданға сапары барысында бірінші жел электр станциясының жұмысымен танысты. Индустрияландыру картасы шеңберінде салынып жатқан электр станциясының құны 17,7 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Құрылыс жұмыстары «Самұрық Энерго» ЖШС-нің тапсырысы бойынша жүргізілуде. Бұл жөнінде өңір басшысына бірінші жел электр станциясының бас директоры Ілияс Құрамысов хабардар етті.

Оның айтуынша, қуаттылығы 45 Мвт электр станциясының құрылысы «ЭКСПО-2017» шеңберінде жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта станция толық қуаттылығына көшкен кезде 300 Мвт электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде, немістің «Fuhrlander Wind Technology» фирмасының 20 турбинасы орнатылған, сондай-ақ, станция аралық және іске қосу алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы барлық жұмыстар Германия елінен келген мамандардың қатысуымен қолға алынған. Нысаны іске қосылған кезде 10 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар