Биыл Индустрияландыру картасы бойынша 100 жоба енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қазақстанда Индустрияландыру картасының құны 700 млрд теңге болатын 100 жобасын енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Соның ішінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында құны 7,6 млрд теңге болатын 10 жоба іске қосылып, 415 тұрақты жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ құны 3,7 трлн теңге болатын 320 жоба дайындалуда. Оны аясында 36 мың тұрақты жұмыс орны құрылады деген жоспар бар.
Отандық кәсіпорындарды технологиялық жағынан жаңғырту мақсатында жыл соңында өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық жағынан қайта жарақтандыру бойынша кешенді шараларды бекіту жоспарланып отыр.
Жалпы алғанда Индустрияландыру картасы аясындағы жобалар бойынша өткен жылы құны 2,2 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, олардың 1,4 трлн теңгесі қайта өңдеу өнеркәсібіне тиесілі болды.
Орташа алғанда Индустрияландыру картасының аясында енгізілген жобалар ай сайын 180 млрд теңгенің өнімдерін өндіріп отыр.
- Қазақстанның автокөлік нарығы: 2020 жылдың қорытындысы мен биылғы көрсеткіштер
- Түркістанда инвестициялық жобалар арқылы 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
- Электр энергиясын ысырап еткені үшін «Астана АЭК» басшылығы сотталды
- Зейнетақы жинағын баспанаға жұмсау: Басты сұрақтардың жауабы
-
Зейнетақы қаражатын алу: Тұрғын үйді 5 жылға дейін сатуға тыйым салу тәртібі түсіндірілді
-
Азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам