+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Биыл Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың жұмыс орны ашылады

2019 жылғы 10 шілде 11:34
Бөлісіңіз:
Биыл Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың жұмыс орны ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Биыл біз 1,1 трлн теңгеге 20 мың тұрақты жұмыс орнын құру арқылы Индустрияландыру картасының 120-дан астам жобасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. 2019 жылы 4 ай ішінде 8 млрд теңгенің 10 жобасы іске қосылып, 317 тұрақты жұмыс орны ашылды", - деді вице-министр.

Оның дерегінше, 2015 жылдан бастап елімізде жүзеге асырылып жатқан индустрияландырудың екінші бесжылдығы биыл аяқталады. Өткен жылы Индустрияландыру картасы аясында 1,3 трлн теңгеге 102 жоба іске қосылып, 13 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылған.

"Ал осы жылдың 5 айының қорытындысында өнеркәсіп 2, тау-кен секторы 0,7 және өңдеу өнеркәсібі 3,6 пайызға өсті", - деді Аманияз Ержанов.

Министрлік дерегінше, 2019 жылдың 4 айында өңделген өнім экспортының көлемі 5 млрд АҚШ долларына жетті. 1 тоқсандағы өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі 2 750,1 мың теңгені құрады. Ал 5 айда өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 254,5 млрд теңге болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT