Биыл Илья Ильин жоқ, Сыр өңірі Риодан кімге үміт артып отыр?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ даласының қай өңіріне барсаңыз да, таланты тас жарып, талай тайталаста ел намысын абыроймен қорғап қайтқан тарланбоз саңлақтарымен мақтанып жатады. Міне, сондай өңірлердің бірі - Сыр елі.

Себебі, тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет 4 дүркін әлем, 2 дүркін Олимпиада чемпионы атанған жалғыз сайыпқыранымыз осы Сыр өңірінің тумасы. Ол - Илья Ильин!

Биыл тағы да Риода Ильин алтын алып, үш дүркін Олимпиада чемпионы атанады деп жүргенде «допинг» дауы аяғына тұсау, қолына кісендей болып жолын бөгеді. Бұл мәселенің арты немен аяқталары әлі белгісіз. Бізге белгілісі Илья Риода өнер көрсетпейтін болды.

Енді биыл «Сыр өңірінен даңқты спортшының ізін жалғастырып жүлдемен оралатын кім бар? Сыр өңірі биыл кімге үміт артып отыр? Олимпиадаға қанша спортшысы барады? Олар кімдер?» деген сұрақтың жауабына аз-кем тоқталып өткенді жөн санадық.

Биыл Сыр өңірінен 4 спортшы Риода өнер көрсетеді. Олардың қатарында Ильиннің салған сара жолын жоғары деңгейде қорғауға тырысатын тағы бір ауыр атлетикадан әлем чемпионы кетіп барады. Ол - Александр Зайчиков! Бұл зілтеміршімізге сыр өңірі ғана емес, жалпы қазақ даласы үміт артып отырғанын ұмытпайық. Риода жолың болсын деп тілейік...

Енді Сыр өңірінен Олимпиадаға қатысатын спортшыларды жеке-жеке таныстырып өтейік.

Есбергенова Айнұр Асқарқызы (Таэквондо)

Есбергенова Айнұр Асқарқызы - 11.02.1998 ж.

2013-2016 жж. Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алды.

2008 жылдан бастап таеквондомен айналысады.

№1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жаттығады.

Бапкері: Николай Курноскин.

Жетістіктері:

Таеквондодан ҚР спорт шебері;

Жасөспірімдер арасында 2 дүркін Қазақстан чемпионы (Өскемен, 2012 ж., Павлодар 2013 ж.);

ҚР III жастар спорт ойындарының жеңімпазы (Алматы қ. 2013 ж.)

Жастар арасында Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы (Астана қ., 2014 ж.)

VII Бүкілқазақстандық колледж және мектеп оқушылары спартакиадасының жеңімпазы;

Ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы (Ақтөбе қ., 2015 ж.);

Азиялық лицензиялық турнирдің күміс жүлдегері (Манила, Филиппин 2016 ж.).

Өсербаев Ғалымжан Шахизиндаханович (Еркін күрес)

Өсербаев Ғалымжан Шахизиндаханович - 19. 12.1988 ж.

2001-2007 жж. Қызылорда облысындағы Ж.Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатта тәлім алды.

Биыл «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітіреді. Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады.

Бапкері: ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов.

Жетістіктері:

Еркін күрестен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

2 дүркін ҚР чемпионы (2014, 2016 жж.);

Әскери қарулы күштер арасында Әлем чемпионы және күміс жүлдегері (Америка, 2014 ж., Иран 2013 ж.);

Әскери қарулы күштер арасында Дүниежүзілік ойындарының қола жүлдегері (Корея, 2015 ж.);

Азия лицензиялық турнирінің чемпионы (Астана қ., 2016 ж.).

Зайчиков Александр Сергеевич (Ауыр атлетика)

Зайчиков Александр Сергеевич - 17.08. 1992 ж.

2002-2006 жж. облыстық балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алса, 2006-2010 жж. Қызылорда облысының Ж.Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты бітірді.

2010-2014 жж. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алды.

Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады.

Бапкері: Арман Абдраев.

Отбасылы, 1 қыз тәрбиелеуде.

Жетістіктері:

Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері;

Жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (Оңтүстік Корея 2008 ж.);

Жасөспірімдер арасында Азия чемпионы (Өзбекстан, Ташкент, 2010 ж.);

Жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Малайзия, Пенанг, 2011 ж.);

XXX жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы (Лондон 2012 ж.);

Ересектер арасында Әлем чемпионы (АҚШ, Хьюстон 2015 ж.);

Ресей Президенті кубогының күміс жүлдегері (Грозный 2015 ж.).

Коломоец Максим Владимирович (Стенд ату)

Коломоец Максим Владимирович - 06.04.1986 ж.

Стенд атудан облыстың аға жаттықтырушысы.

Жетістіктері:

Стенд атудан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы;

Студенттер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Ресей, Қазан 2012 ж.);

Қазақстан бойынша 2013 жылдың «Үздік мергені»;

Гран-при республикалық турнирінде жеңімпаз атанып, Қазақстан рекордын жаңартты (Алматы қ., 2015 ж.);

Азиялық лицензиялық турнирде 4-орынды иеленді. (Үндістан, Нью-Дели 2016 ж.).

Соңғы жаңалықтар