Биыл халықтың табиғи өсімі 7,7 пайызға кеміп, дүниеге келген сәбилер саны азайған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 шілдеге дейін еліміздегі халық саны 19 246,3 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 479,6 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 766,7 мың адам (40,4%). Былтырғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 236,7 мың адамға немесе 1,2% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мауыммен салыстырғанда (139,7 мың адам) 7,7% кеміп, 128,9 мың адамды құрады.

Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,51 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны - 198,1 мың адам.

Бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (216,2 мың адам) қарағанда 8,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға - 20,76 жаңа туған құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде 69,2 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (76,6 мың адам) қарағанда 9,6% аз.

Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,25 қайтыс болғанды құрады.

2022 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 649 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1 688 шетінеген нәресте) 2,3% кеміді.

Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,32 оқиғаны құрады.


Соңғы жаңалықтар