+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Биыл халықты газдандыру көрсеткіші 53% деңгейде жоспарланған - Үкімет

2020 жылғы 24 қараша 10:13
Бөлісіңіз:
Биыл халықты газдандыру көрсеткіші 53% деңгейде жоспарланған - Үкімет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді газдандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Энергетика министрі Н. Ноғаев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов баяндама жасады.

Қазақстанда әлемдік энергетика нарығындағы секілді энергия тасымалдаушылардың басқа түрлерін өндіру мен тұтынуға қарағанда газ өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқаны байқалады.

Биыл ҚР-да газ тұтыну 16,5 млрд м³ дейін өседі деп күтілуде (2019 жылы тұтыну көлемі 16,3 млрд м³ құрады). Ең алдымен, бұл электр энергиясын өндіру үшін 50% газ, коммуналдық-тұрмыстық секторға 36%, өнеркәсіпке 14% пайдаланатын тұтынушылар санының артуына байланысты.

Осы жылдың қорытындысы бойынша ҚР халқын газдандыру көрсеткіші 53% деңгейінде жоспарланған, 9,8 млн адам табиғи газға қол жеткізе алатын болады.

2025 жылы газдандыру деңгейі 2120 елді мекенді немесе 11,7 млн тұрғынды қосумен 60%-ға жетеді. Бұған «Сарыарқа» жобасының 2 және 3 кезеңдерін іске асыру, Шығыс Қазақстанды газдандыру, сондай-ақ өңірлік желілерді кеңейту және реконструкциялау ықпал ететін болады.

Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 сәуірге дейін ҚР газдандырудың бас схемасының өзектендірілген жобасын әзірлеуді тапсырды.

Солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында Премьер-Министр 2021 жылғы 1 наурызға дейін «Сарыарқа» газ құбыры жобасының 2 және 3 кезеңдерін іске асыру бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді жаңартып, барлық сараптамаларды алуды тапсырды. Сондай-ақ 2021 жылғы 1 сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысын газдандыру тұжырымдамасын дайындау қажеттілігі атап өтілді.

Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының әкімдіктеріне газбен жабдықтау объектілеріндегі ақауларды жою және оларды кейіннен пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне беру үшін жергілікті бюджеттерден қажетті қаражатты қарастыру тапсырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT