Биыл есірткі саудалайтын 604 сайт жабылған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл елімізде 604 есірткі сайты жабылған. Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Есірткі бизнесі де толығымен кибер салаға көшті. «Телеграм-боттар немесе басқа да интернет ресурстар арқылы сату кеңінен тарап жатыр. Мысалы, биыл тіркелген әрбір жетінші есірткі қылмысы интернет арқылы сатумен байланысты. Әрине, біз мұндай бүркеншік интернет-дүкендерді жауып жатырмыз. Биыл 604 есірткі сайтын жаптық», - деді ол.

Министрдің айтуына қарағанда, бұл шара мәселені түбегейлі шешпейді. Мұндай заңсыз контентті тоқтату үшін министрлік «Аргус», «Айрис», «Тритон» сияқты заманауи аппараттық-бағдарламалық жабдықтар сатып алмақшы.

«Олар – әлеуметтік желілер немесе сайттар арқылы есірткінің таралуын анықтауды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Киберқадағалау» жүйесі мұндай сайттар ашылса, оларды онлайн түрде бұғаттайды. Яғни, жасанды интеллект өзі анықтап, дереу тосқауыл қояды. Сонымен қатар сайтты ұйымдастыратын және оны пайдаланатын адамдарды анықтауға мүмкіндік болады», - деді Ішкі істер министрі.

Соңғы жаңалықтар