Биыл Есіл жағалауы абаттандырылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуде биыл қаланы абаттандыру бюждеті артатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есіл жағалауының Ақбұлақ өзенінен Триатлон-парккке дейінгі учаскесі қорқынышты жағдайда тұр. Қашан көрсең сымдар қылтиып шығып жатады, жол жиегіне төселген тас төсеніштер қопарылып жатады. Вандализм өршіп тұр», - деп шағымданды аудан тұрғыны.

Әкім бұл мәселе биыл шешімін табатынын айтты.

«Абаттандыру бюджеті туралы айтсақ, биыл көгалдандыруға, тротуарлар мен парк аймақтарына бөлінетін бюджет айтарлықтай артады. Оның ішінде Байқоңыр ауданы да бар. Есіл жағалауы туралы Мемлекет басшысының да тапсырмасы бар. Сіз айтып отырған учаске ғана емес, бүкіл жағалау абаттандырылады», - деді Жеңіс Қасымбек.


Соңғы жаңалықтар