+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Биыл елордадағы электробустардың саны 100-ге жеткізіледі

2020 жылғы 27 ақпан 16:22
Бөлісіңіз:
Биыл елордадағы электробустардың саны 100-ге жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында 15 электробус жолаушылар тасымалымен айналысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Балалардың автобуспен тегін жүруінен елорда автопарктеріне түсетін салмақ қандай

«Қазірдің өзінде қала ішінде 15 электробус халыққа қызмет көрсетіп жүр. Жақында ғана тағы 25-інің партиясы келді. Оларды жабдықтау жұмысымен айналысып жатырмыз. Атап айтқанда, оларға электрондық жүйе бойынша төлеу құралы орнатылуда. Олар да жақында жолға шығарылады», - деді City Transportation Systems (бұрынғы «Астана LRT») компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов «Елордадағы қоғамдық көлік кешенін дамыту: кеше, бүгін, ертең» атты көрме-конференциясынан кейін тілшілерге.

Компания басшысы наурыз айының соңына дейін елордаға тағы біршама электробус әкелініп, олардың жалпы саны 100-ге жеткізілетінін айтып өтті.

«Автобус парктерін әрдайым жаңартып отыруды көздейміз. Себебі қала өсіп, халық көбейіп келе жатқаннан кейін қосымша автобустарды сатып алу керек болады. Жыл сайын шамамен 100-200 автобус қосылып отыру керек», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгінгі көрме-конференция барысында Бекмырза Игенбердинов елордада кәмелетке толмаған балалар қалаішілік қоғамдық көлікпен тегін жүретінін хабарлаған еді. Сонымен қатар халықтың алты санатына кіретін азаматтарға қала маңы бағдары бойынша қоғамдық көлік тегін болады. Ол алты санаттың ішіне зейнеткерлер, мүгедектер, соғыс ардагерлері, мүгедектерді алып жүрген адамдар, көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылардың мүшелері кіреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT