Биыл елордада жастарға табысталатын пәтер саны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елордада жұмысшы жастарға 350 пәтер табысталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге мәлім, Жастар жылының салтанатты ашылу шарасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмысшы жастарға сатып алу құқығынсыз жалға пәтерлер беру туралы тапсырма берген болатын. Елбасының тапсырмасын 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тарапынан жұмысшы жастарға 1050 пәтердің кілтін табыстадық. Елімізде орын алған пандемия жағдайына байланысты биыл 350 пәтерді жастарға табыстау жоспарланып отыр», - деді Д. Кәрібек.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – алдағы 5 жыл ішінде жастар өз қаражаттарын жинақтап, жеке үйлерін сатып алуға бағытталған мемлекеттік жоба. Негізгі міндет — жұмысшы жастарды қолдау.

«Мұнда бес негізгі қағидаға сүйене отырып іріктеледі: жасы 29 жастан аспаған, жұмыс істейтін, өз меншігінде баспанасы жоқ, жинақ жасау үшін депозиттік шоты болуы керек, сонымен қатар соңғы 6 айда кемінде 111 120 теңге, яғни 40 АЕК кірісі бар болуы керек. Жұмысшы жастарға өзінің жекеменшік пәтерлеріне ие болуда аталған жоба орасан зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Сондықтан, жастарға қажетті құжаттарды жинақтап, белсенді түрде қатысуға, өз мүмкіндігін жіберіп алмауға кеңес беремін», - деді Дәулет Кәрібек.


Соңғы жаңалықтар