Биыл елордада пайдалануға берілетін үй саны өткен жылғыдан екі есе көп- әкім

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алтай Көлгінов «Территория комфорта-1» құрылыс барысымен танысты. Бұрын үй апатты деп танылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп құрылыс пайдалануға берілетінін жазды.
«Территория комфорта-1» нысанының блоктары бұзылған жерде құрылыс жұмыстары қайта басталды. Кейбір блоктарда жұмысшылар қада қағу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы 2004 жылы басталып, одан кейін тоқтап қалған болатын. Ешқандай талаптарға сәйкес келмегендіктен, бұл үй апатты деп танылды. Мұндағы үлескерлер саны 500-ден астам адамды құрайды. Биыл өткен жылмен салыстырғанда пайдалануға берілетін үй саны екі есе көп, яғни 20 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады», – деп жазды Алтай Көлгінов.
- Елордада 4 көлік соғылып, бір адам қаза тапты
- Елордада есірткі сатушылар ұсталды
- 2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – Нұр-Сұлтан әкімі
- Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
-
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
-
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам