Биыл елордада өрт салдарынан 11 адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елорда аумағы бойынша 214 өрт факторы тіркеліп, салдарынан 11 адам көз жұмды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы Еркін Отарғалымұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл қала аумағы бойынша 214 өрт факторы тіркелді. Салдарынан 11 адам көз жұмып, 11 адам жарақат алды. Өрттен 69 адам құтқарылып, 205 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Қазіргі таңда дала және орман өрті, балалардың терезеден құлау фактілері алаңдаушылық туғызуда», - деді Еркін Отарғалымұлы.

Оның айтуынша, елорданың жасыл белдеуінің жалпы 14,8 мың га болса, оның 11,5 га көлеміне ағаш екпелері отырғызылған.

«Аталған орман қорын өрттен алдын алу мақсатында қала аумағында қала әкімдігі бекіткен жоспарға сәйкес алдын алу жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, алты бағыт бойынша мобильдік топтар құрылған. Олардың мақсаты - өрттің алдың алу, уақытылы анықтау және дер кезінде ден қою. Қала периметрі бойынша орналасқан 10 мұнара бар. Ол жерде орманшылар тәулік бойы күзет жасайды. Сондай-ақ, мүмкін болатын өрттің алдын алу мақсатында қала аумағында 32 бейнекамера орналастырылған. Дала орманы өртін алу мақсатында минералдандырылған жолақтар салынды. Ол тасжол жиегінде пайда болған өрттің ағаш егілген жерге өтіп кетпеуіне септігін тигізеді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар