Биыл елордада құрылысы ұзаққа созылған 57 үй салынып бітеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінің өкілдері биыл 5 мың азаматты қабылдады.

Нұр-Cұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында қала тұрғындарының азаматтарды қабылдау кезінде қандай сұрақтар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Биыл әріптестерімізбен бірге 5 мың қала тұрғынын қабылдадық. Сұрақтардың бір бөлігін қабылдау барысында шешсек, қалғандарын назарға аламыз. Бүгін онлайн-қабылдауда тағы 14 отбасы қабылданды. Келіп түскен мәселелерді, қала тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, елорданы дамыту жоспарына енгіземіз. Мәселен, негізінен әлеуметтік тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар салу, аудандарды абаттандыру, газдандыру, ұзақ құрылыстарды аяқтау және т.б. мәселелер түседі.

Президенттің тапсырмасы бойынша әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін жыл сайын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мәселен биыл 10 мың әлеуметтік пәтер, 40 мың оқушыға арналған 15 мектеп, 200 аула және қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды, «үй маңындағы дәрігер» нысандарын, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін аштық, 9 елдімекенде газ тарату желілері салынып, іске қосылды, құрылысы ұзаққа созылған 57 үй аяқталмақ және т.б»,-деп жазды қала әкімі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өзара байланысты нығайтуға әлеуметтік орталықтар көмектеседі. Олардың қатарында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық, iQala орталығы, жастарға қызмет көрсету орталығы бар. Жалпы алғанда, тек биылдың өзінде аталған орталықтар қала тұрғындары тарапынан түскен 150 мыңға жуық өтінішті өңдеді.

«Елорданы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» шебер-жоспары аясында дамытып жатырмыз, оған сәйкес аудандарды орталықтандырып дамытудамыз. Бұл - әлеуметтік нысандар, аулалар/қоғамдық кеңістіктер», – деп жазды елорда әкімі.


Соңғы жаңалықтар