Биыл елордада қандай спорт нысандары ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше спорт нысандары ашылды. Жаңадан ашылған және салынып жатқан спорт кешендері туралы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл елорда әкімдігінің тікелей қолдауымен «Астана Арена» спорт кешені жанынан қалалық жауынгерлік өнер және бокс орталығы ашылды. Және қаланың оң жағалауындағы тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін Жирентаев көшесі бойында жекпе-жек орталығын аштық. Сонымен қатар Тәуелсіздік сарайында көркем гимнастика орталығы іске қосылды. Одан бөлек, Сарыарқа велотрегі жанынан Дзюдо орталығы жұмыс істей бастады. Ашылған орталықтар мен залдар заманауи құралдармен жабдықталған», - деді С. Ерғалиев.

Сондай-ақ, басқарма басшысы қала маңындағы елді мекендерде бірнеше спорт кешенінің салынып жатқанын тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ильинка, Көктал-2, Өндіріс, Железнодорожный тұрғын алаптарында салынып жатқан спорт кешендері биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі», - деді ол.

Одан бөлек, С. Ерғалиев биыл Нұр-Сұлтанда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына 50 қала әкімінің гранты бөлінетін жеткізді.

Еске сала кетсек, бұған дейін астаналық балалар мен жасөспірімдердің спортпен тегін түрде шұғылдана алатындығы хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар