Биыл елордада 16 мектеп салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде Елбасыға елорданың экономикалық дамуы, қаланы газдандыру үдерісі, тұрғын үй мен әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы, сондай-ақ қоғамдық жерлерді абаттандыру туралы ақпарат берілді.

«Қолжетімді баспана салу көлемі жыл санап артып келеді. Биыл 10 мыңға жуық пәтер тапсыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 42 мың оқушыға арналған 16 мектеп салынады», – деді А.Көлгінов.

Сонымен бірге қала әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың «жасыл белдеуін» дамыту жоспары, қала аумағы мен саябақтарды көгалдандыру бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы баяндады.


Анықтама үшін:

2012-2020 жылдары «жасыл белдеуде» 8127 гектар жерге 3 174 342 дана ағаш көшеті отырғызылды. Оның 59,3 пайызы жапырақты, 40,7 пайызы қылқан жапырақты ағаш. 636,6 гектарға көпжылдық шөп егілді. 2021 жылы «жасыл белдеуге» 900 мыңға тарта көшет отырғызу жоспарланған. Қала ішінде 100 мыңға жуық ағаш, көшет, бұта егіледі.


Соңғы жаңалықтар