Биыл елордада 11 мектептің құрылысы аяқталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елордада 11 мектептің құрылысын аяқтау көзделген. Бұл қосымша 23 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді, деді ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Нұр-Сұлтандағы өндірістік және әлеуметтік нысандардың құрылысын тексеру барысында.

«Соңғы жылдары жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Олардың бәрі қазіргі таңда мектепке барып жатыр, ал мектептердің шамадан тыс жүктелуі байқалады. Сондықтан мектеп құрылысын республикалық бюджеттен қаржыландыруды ұлғайту жоспарланып отыр. Елорданың жаңа мектептерінде жарақтандырудың жоғары стандарттары қалыптасқан. Балаларға қолайлы жағдайда оқуға мүмкіндік беру үшін елімізде салынып жатқан басқа да білім мекемелерінде осы стандарттардың болғанын қалаймыз», — деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар