Биыл еліміздегі барлық жайылымдар цифрландырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл еліміздегі барлық жайылымдар цифрландырылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні аудан ауқымында әрбір фермерлік шаруашылық инвестициялық жоба саналады. Бірақ соған қарамастан фермерлік шаруашылықтарға инвестициялық жоба принципі бойынша конкурс өткізбестен ауыл шаруашылығы жерін бөлу тетігі жоқ. Бұл проблеманы шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігінің «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ-ымен бірге жайылымдардың электронды мәліметтер базасын құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жайылымдарды цифрландыру жұмысын 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның айтуынша, жайылымдар цифрландырылғаннан кейін оларды ауыл шаруашылы малдарын сәйкестендіру мәліметтер базасымен интеграциялау жүргізіледі. Бұл жердің тиімді пайдаланылуына қашықтан мониторинг жүргізуге мүмкіндік жасайды.

Айта кетейік, осы жылдың 14 қаңтарында Мәжілістің бір топ депутаты сол кездегі Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына сауал жолдап, ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мәселесін көтерген еді.

Соңғы жаңалықтар