+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Биыл елімізде «Ұлытау» ұлттық паркі құрылады

2020 жылғы 27 қаңтар 18:48
Бөлісіңіз:
Биыл елімізде «Ұлытау» ұлттық паркі құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл «Ұлытау» ұлттық паркі құрылады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Ерекше қорғалатын аумақтарды кеңейту мақсатында биыл «Бурабай» ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының амағын кеңейту шаралары басталды. Осы жылы «Ұлытау» жаңа ұлттық паркін құру жоспарланған. Ол Орталық Қазақстанның далалық экожүйесін қорғауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның айтуынша, көшпелі және ішкі туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасында 10 туристік аумақ айқындалған. Оның құрамына 6 ұлттық парк кіреді.

«Бағдарламаны жүзеге асыру үшін министрлік бизнес өкілдерімен бірге Іле Алатауы ұлттық паркінде экологиялық туризмді дамыту жоспарын әзірледі. Оның негізінде ұлттық парктің бас жоспарына тиісінше өзгертулер енгізілді. Іле Алатауы ұлттық паркі аумағында экологиялық туризмді дамытуға инвестицияның болжамды сомасы шамамен 27 млрд теңгені құрайды. Дәл осындай жоспарлар Алтын Емел, Шарын және Көлсай көлдері ұлттық табиғи парктері үшін әзірленген», - деді вице-министр.

Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, аталған шаралар экологиялық туризмді дамытуға тың серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар отандық бизнеске туризмнен пайда табуға жол ашады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT